Иран Ислам Республикасы Израиль режимі бастаған оқиғаны аяқтайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам кеңесі мәжілісінің спикері Мохаммад Бақер Қалибаф айтты.
Қалибаф Израиль шабуылынан қаза тапқандарға байланысты Иран халқына көңіл айтып: “Сионистік режимнің қанға шыланған қолы тағы да біздің сүйікті еліміз Иранға қылмыс жасады.
Қылмыскер сионистік режим тұрғын аудандарды бомбалау арқылы адамзаттың ең үлкен жауы және әрбір Иран азаматының қас жауы екенін дәлелдеді”, — деді.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің спикері сионистер мен олардың жақтастарын ауыр және өкінішті жаза күтіп тұрғанын айтып: “Кек алатын уақыт келді. Кек кез келген әдіс пен құралдың көмегімен жүзеге асырылатын болады. Біз берілмейміз және оларға ауыр соққы береміз. Олар бұл оқиғаны бастады, бірақ біз Алланың қалауымен оны аяқтаймыз”, деп мәлімдеді.
Қалибаф Иран Қарулы күштерінің соңғы демі қалғанша табандылық танытып, елі мен ұлтын қорғайтынын баса айтты.


















