Иран Сыртқы істер министрі Ресей президентімен кездесуінде Иранның ядролық мәселесінде Ресейдің осы елдің серіктесі әрі серігі болғанын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде: «Бұл кездесу аймақтағы қауіпті және маңызды жағдайда өтуде. Иран мен Ресей қарым-қатынасы өте жақын және ертеден келе жатыр. Соңғы жылдары бұл стратегиялық аспектіге ие болды.
Біз әрқашан Ресейдегі достарымызбен тығыз кеңесіп отырдық. Ресей Иранның ядролық мәселесінде Иранның серіктесі әрі серігі болды әрі ядролық келіссөздерге де қатысты»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі сөзін жалғастырып: «Қазір Израиль режимі мен АҚШ-тың себепсіз басқыншылығына байланысты шиеленіс деңгейі артып келеді. Басқыншылықтар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа қайшы. Иран Ислам Республикасы бұл басқыншылықтардан өзін заңды түрде қорғауда»,- деді.
Арақчи Ресейге осы басқыншылықтарды айыптағаны үшін алғыс айтты.













