Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин мен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи телефон арқылы сұхбаттасты.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран тарапының бастамасымен өткен сұхбат барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасқа қатысты бірқатар мәселені талқылады.
Сондай-ақ, Тәжікстан мен Иран СІМ басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.
Сирожиддин Мухриддин Тәжікстанның соңғы оқиғаларға қатысты берік ұстанымын тағы қуаттап, бейбіт тұрғындар, әскери басшылар мен ядролық ғылыммен айналысқан ғалымдардың қазасына байланысты көңіл айтты.
Мухриддин Душанбе орын алған жағдайды халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын өрескел бұзу деп санайтынын мәлімдеді.
Тәжікстан Сыртқы істер министрі әскери қысым мен агрессия қақтығыстарды шешу құралы бола алмайтынын айтып, аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бейбіт көзқарас пен дипломатиялық күш-жігерді қолдайтынын білдірді.


















