Израиль бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға құлықты емес.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газа секторындағы гуманитарлық жағдай талқыланған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Хакан Фидан Израильдің Палестина халқына қарсы геноцид қылмыстарының, Газа секторындағы 2 миллионнан астам адамның азапқа ұшырап, жаппай қоныс аударғанын және Израильдің секторда әлі де ауқымды қиратуды жалғастырып жатқанын айтты.
Түркия Сыртқы істер министрі гуманитарлық көмектің жеткізілуіне күн сайын қасақана тосқауыл қойылып, азық-түлік пен суға қол жеткізуге әрекеттенген бейбіт тұрғындардың көмек тарату орындарында өлтірілгеніне тоқталды.
Фидан: “Израиль аштықты соғыс қаруы ретінде қолданады. Израиль халықаралық гуманитарлық құқықтың барлық принципін бұзды. Бұл туралы ашық айту қажет. Шындықты айтайық. Секторда халықты жою науқаны жүріп жатыр”,- деді.
Министр мұндай жағдайдың сектордағы ауыр азап жағдайын байқамауды жөн санағандар салдарынан болып жатқанын баса айтты.
Фидан Түркияның халықаралық қауымдастықты шұғыл шара қабылдауға шақырғанын еске салып: “Израиль Палестинада ғана емес, Ливан, Сирия және Иранда да өзінің басқыншылық стратегиясын жүзеге асыруға тырысуда”,- деді.




















