Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ресейдің Амур облысында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан Иран Ислам Республикасының халқы және Үкіметі атынан жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресей халқына, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Пезешкиан Ресейдің Амур облысында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырап, барлық 49 адамның қаза табуын қатты қайғылы жағдай деп атады.
Президент Пезешкиан хатында: “Иран Ислам Республикасының халқы мен Үкіметі атынан осы қайғылы оқиғаға байланысты Ресей халқына, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Мен Алладан аман қалғандарға шыдамдылық пен сабыр, қаза тапқандарға кешірім мен тыныштық тілеймін”, — деді.
Айта кетейік, 24 шілде күні Ресейдің Амур облысында Ан-24 ұшағы құлады. Апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының сынықтары Тында қаласынан 16 шақырым жердегі тау баурайынан табылды.


















