Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи АҚШ пен Батыстың бірқатар елін Палестинада жалғасып жатқан геноцидке қатысы бар деп айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, бұл туралы Исмаил Бақайи X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде жазды.
Бақайи: “Палестинадағы отаршылық Америка мен Батыстың кейбір саясаткерлері мен шешім қабылдаушыларының келісімімен жүзеге асырылуда”,-деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының айтуынша, халқы сионистік режимнің қатыгез қылмыстарына қарсы шыққан Батыс Үкіметтері өздерінің моральдық компасын жоғалтты.
Бақайи: “Олардың Израильге бойсұнғаны сонша, тіпті режимнің ашық агрессиясын оңай қолдап, геноцид қылмысын ақтауда”, — деді.
Бақайидың бұл мәлімдемесі Израильдің Газа секторында жалғастырып жатқан соғыс қимылдары аясында жасалды.
Иран Израильдің қылмыстық әрекеттерін бірнеше рет айыптап, халықаралық қауымдастықты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін әрекет етуге шақырды.

















