ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы ашаршылықтың израильдік тұтқындарға да тарағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды өкілі Иззет ар-Ришк мәлімдеме жасап, Израиль режимінің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның кабинеті Газа секторындағы израильдік тұтқындар арасындағы ашаршылыққа жауапты екенін баса айтты.
Иззет ар-Ришк: “Палестиналық жауынгерлер израильдік тұтқындарға жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес қарайды. Олар тұтқындарды өздері жеп-ішетін тамақ пен сумен қамтамасыз етеді. Израильдік тұтқындардың жағдайы Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың жағдайына ұқсас”, — деді.
Иззет ар-Ришк Нетаньяхудың Газа секторындағы блокадасы сионистік тұтқындарға да әсер еткенін айтты.
Ол: “Газа секторының тұрғындарына таңылған ашаршылық Нетаньяхудың сектордағы сионист тұтқындардың қай жерде қамауда отырғандарын тауып, бомбалай алмағаннан кейінгі әрекеттерінің бірі болып табылады”, -деді.



















