Иран халқы 12 күндік соғыс кезінде сионистік режимнің жоспарын бұзды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Журналистер күніне арналған салтанатты шара кезінде айтты.
Аббас Арақчи Сыртқы істер министрлігінің баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде БАҚ өкілдеріне адал және кәсіби жұмыстары үшін алғыс білдіріп: “Біз журналистердің ұмытылмас батыл әрі табанды әрекет еткен жұмыстарына куә болдық. Олар барлық қауіп-қатерге қарамастан, халықты хабардар етуді жалғастырды.
Ирандық журналистердің шетелдік көптеген әріптестерінен айырмашылығы, олар қауіптің алғашқы кезінде ұрыс даласынан кетпеді. Олар қарсылық пен тарихтың бір бөлігіне айналды”,- деді.
Сондай-ақ, Арақчи Иран Телерадио бірлестігі ұйымының қызметкерлеріне жасалған шабуыл кезінде олардың эфирді сақтап қалғаны үшін алғыс білдіріп: “Дұшпан IRIB-ті бомбалау арқылы ұлттың үнін басамын деп ойлады. Бірақ олар қателесті. Керісінше, Иранның үні мақтаныш пен қарсылық дауысы ретінде одан да қатты естілді”,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи сөзінің соңында қызмет барысында қаза тапқан журналистерді еске алып, Израиль әуе шабуылы кезінде IRIB ғимаратына жасалған соққы салдарынан көз жұмған тілші Нима Раджабпурдың салтанатты шараға қатысқан отбасына алғыс білдірді.


















