Иран мен Түркіменстан теміржол тасымалын арттыру үшін Сарахс шекара бекетінде екі жаңа теміржол желісін салуды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран темір жолының төрағасы Джаббар Али Закери бұл туралы Түрікменстан темір жол министрі Маммет Акмаммедовпен кездесуден кейін мәлімдеді.
Иран Ислам Республикасының Жол және қала құрылысы министрлігінің мәліметіне сәйкес, құрылыс салу туралы келісімге Түркіменбашыда БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын елдер жөніндегі үшінші конференциясы аясында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілді.
Бұл жоба бойынша шекараның екі жағындағы Сарахс стансалары арасында бір стандартты және бір кең жолтабан тартылады.













