Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Иран халқының Американың қысымына ешқашан бас имейтінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Әли Хаменеи Әли ибн Мұса әр-Резаның қаза тапқан күнінің жылдығына орай халықтың әртүрлі тобымен кездесуінде мәлімдеді.
Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Иран халқының Американың бағыну туралы талабына үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеп, қасиетті де ұлы ұлттық бірліктің болат қалқанын шын жүректен сақтап, қысымға қарсы тұрып, елдің тәуелсіздік жолын жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы кездесуде өзекті мәселелер бойынша маңызды жәйттерді түсіндіріп: “Иранның жаулары халықтың, жоғары лауазымды тұлғалардың және қарулы күштердің табандылығы мен бірлігіне тап болып, әскери шабуылдарда ауыр жеңіліске ұшырады. Олар Иран халқы мен ислам жүйесін соғыс арқылы бағынуға мәжбүрлеп, тізе бүктіру мүмкін емес екенін түсінді. Енді олар ел ішінде алауыздық тудыруды көздеп отыр. Бұған жауап ретінде бүкіл халық, жоғары лауазымды тұлғалар мен қарулы күштер қасиетті де ұлы ұлттық бірліктің болат қалқанын шын жүректен сақтап, нығайтуы керек”,- деді.
Әли Хаменеи “Америка Құрама Штаттарының Иран халқымен араздығының басты себебі неде?» деген сұраққа: “Бұл жерде “Америка неге Иранмен соғысуда?” деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақ қарапайым болып көрінгенімен, шын мәнінде ол күрделі әрі оған жауап беру өте маңызды. Бүгінде орын алып отырған араздық жаңалық емес. Бұл 45 жылдан бері жалғасып келеді. Түрлі адамнан, партиядан және жеке тұлғадан тұратын америкалық барлық әкімшілік Ислам Республикасы мен Иран халқына қарсы бірдей дұшпандық саясат, санкция салып, қоқан-лоққы жасады. Мұның себебі неде? Бұрын олар мұның себебін “лаңкестік”, “адам құқығы”, “әйелдер мәселесі”, “демократия” деген түрлі сылтаумен жасырып келді. Бірақ қазір Америкада билікте отырған адам өзінің шынайы мақсатын ашты. Ол “Біз Иранға, Иран халқына қарсы тұрамыз. Өйткені, біз Иранның Америкаға бағынғанын қалаймыз” деп мәлімдеді. Алайда біз, Иран халқы, мұны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл маңызды сәт”,- деп жауап берді.

















