Тегеран Аустралия билігінің Канберрадағы Иран елшілігін жабуына жауап ретінде осы елдің елшісін елінен шығарды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Исмаил Бақайи: “Иран Ислам Республикасы Аустралияның әрекетіне жауап ретінде осы елмен дипломатиялық деңгейін төмендетті. Аустралия елшісі елден кетті”, — деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аустралияның бұл әрекеті екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының қағидаларына қайшы келетінін айтып: “Біз дипломатиялық қарым-қатынас деңгейінің төмендеуін құптамаймыз. Себебі, бұған ешқандай себеп жоқ деп есептейміз. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасқа айтарлықтай әсер етеді”, — деп баса айтты.
Айта кетейік, Аустралия 26 тамызда Иран елшісі Ахмад Садеқиді “персона нон грата” деп жариялап, елші мен дипломаттарының жеті күн ішінде елден кетуін талап етті.
Сонымен қатар, Канберра Тегеранды антисемитизмді насихаттады деп айыптады.


















