Мыңдаған израильдік премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға қарсы наразылық акциясын өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қарсы наразылық шеруіне қатысқан мыңдаған израильдік Газа секторындағы соғысты тоқтатуды және кепілге алынған израильдіктерді босату әрекеттерін күшейтуді талап етті.
“Әл-Жазира” телеарнасының хабарлауынша, мыңдаған израильдік сенбі күні кешке Тель-Авив көшелеріне шығып, Израиль билігін Газа секторындағы соғысты тоқтатуға және Газа секторында кепілге алынған израильдіктерді босатуға күш салуға шақырды.
Сонымен қатар, шерушілер Израиль армиясының ХАМАС қозғалысының соңғы тірек нүктесі деп белгілеген Газа қаласын басып алу ниетіне қарсылық білдірді.
Айта кетейік, Израильдің ресми өкілдері Газа қаласын толық бақылауға алуға дайындалып жатыр. Олардың ойынша, Газа қаласында ХАМАС қозғалысының негізгі базалары орналасқан.



















