Израильдің Катар астанасына жасаған соққысы ешбір ислам немесе араб елдерінің Израиль басқыншылығынан сақтандырылмағанын дәлелдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан Дохада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Араб лигасын қамтитын ислам-араб елдері жетекшілерінің төтенше саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.
Президент Пезешкиан: “Израильдің Катарға жасаған шабуылы ешбір араб және ислам елінің стонистік режимнің басқыншылығынан сақтандырылмағанын дәлелдеді. Болашақта Израиль кез келген елдің астанасына шабуыл жасауы мүмкін”, — деді.
Иран президентінің айтуынша, аймақ елдерінің Израиль қаупіне қарсы бірігуден басқа амалы қалмады.
Пезешкиан Израильдің Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдерінің қолдауы аясында өзін жазасыз сезінетінін айтып: “Сионистік режимнің қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін бірлік пен ынтымақтастық қажет”, — деп баса айтты.
Айта кетейік, кеше, дүйсенбі күні Дохада Израильдің Катар астанасындағы ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды делегациясының кездесуі өтетін орынды нысанаға алуына байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Араб лигасын қамтитын ислам-араб елдері басшыларының төтенше саммиті өтті.


















