Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Сауд Арабиясына екі ел арасындағы байланысты нығайту мақсатында ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд және Қорғаныс министрі Халед бен Салманмен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Келіссөздер барысында екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа мәселелері мен екі ел арасында бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды.
Қорғаныс министрі Халед бен Салманмен кездесуде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Сарапшылар Әли Лариджанидің Эр-Риядқа сапары және Сауд Арабиясының лауазымы жоғары тұлғаларымен кездесуін Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы байланысты дамытудағы маңызды қадам ретінде бағалады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының сапары Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің сәуір айында Тегеранға жасаған сапарынан кейін болды.
Лариджанидың Эр-Риядқа келуі Иранның көршілес елдермен тікелей қарым-қатынас орнату, ынтымақтастықты дамыту және аймақтық шиеленісті азайту жолындағы талпыныстарының белгісі болып табылады.


















