Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Иранның АҚХА-мен ынтымақтастығын тек техникалық сипатқа ие деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бүгін жұма, қыркүйектің 19 күні кешке Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар сұхбатта Иран мен АҚХА арасындағы жуырда жасалған келісімнің жағдайы, snapback тақырыбы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде санкцияларды жоюды жалғастыру резолюциясы туралы сөйлесіп, пікір алмасты.
Иран СІМ Агенттіктің басқарма кеңесіндегі саяси кеңістіктің үстемдігін сынға алып, Иранның Агенттікпен ынтымақтастығы толығымен техникалық және халықаралық заңдар аясында екенін баса айтты.
Арақчи сонымен қатар Иранның жауапкершілікке ие ел ретінде өзінің ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді шешу үшін әрдайым дипломатиялық жолды жалғастыратынын, шиеленісті арттыруға соқтыратын кез келген саяси әрекетті және әділетсіз қысымды қабылдамайтынын қуатттады.













