Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аббас Мохтадайи Владимир Путиннің “Валдай” клубында сөйлеген сөзіне пікір білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин Сочидегі “Валдай” халықаралық пікірталас клубының жыл сайынғы отырысының 22-ші пленарлық сессиясына қатысты. Путиннің сессияда сөйлеген сөзі төрт сағатқа жуық уақытқа созылды.
Бұл жөнінде пікір білдірген Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аббас Мохтадайи: “Ресей Президенті Владимир Путиннің көзқарастары Еуропалық Одақтағы оқиғалардың дамуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан Тегеран Мәскеумен тату көршілік байланысты нығайтуға ұмтылады.
Иран көршілес мемлекеттердің мүдделерін қамтамасыз етуге көмектесе алатын ел ретінде Ресеймен тату көршілікті маңызды санайды.
Біз Иран мен оның көршілері арасындағы, әсіресе Ресей сияқты ірі елмен көршілік байланысты нығайтуға ұмтыламыз”, – деді.
“Валдай” халықаралық пікірталас клубы — саясаттану, экономика, тарих және халықаралық қатынас саласындағы жетекші шетелдік және ресейлік сарапшылардың бірлестігі. Клуб 2004 жылы құрылды.


















