Иран Түркияға газ экспортын арттыруға дайын екенін мәлім етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл Иранның энергетикалық нарығындағы ықпалын күшейтіп, ел бюджетіне валюталық түсімдерді арттыруға мүмкіндік береді.
Түркия билігі Иранмен газ жеткізуге қатысты бес жылдық келісімді ұзарту туралы шешімін растады. Бұл Тегеранға көгілдір отынды жеткізуді жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар оның шарттарын қайта қарауға мүмкіндік береді.
Осылайша Иран энергетикалық нарығындағы ықпалын күшейтіп, ел бюджетіне валюталық түсімдерді арттыру үшін Анкараға қосымша газ ұсынуы мүмкін. Қазіргі уақытта 2026 жылдың қараша айында аяқталатын 25 жылдық келісімшартты ұзарту шарттары талқылануда. Түркия қазіргі таңда жылына 10 миллиард текше метр көлемінде газ сатып алу туралы келісімді бес жылға ұзартуды растады.
Алайда Иран бұл келісімді кем дегенде тағы 25 жылға ұзартып, газ жеткізілімін екі-үш есе арттыруды жоспарлап отыр. Бұл Иран үшін де, Түркия үшін де тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді. Тегеран қаржылық түсімдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығына қол жеткізсе, Анкара елеулі жеңілдік алып, газ ағынын Еуропа нарығына қайта бағыттай алады.


















