Иран Үкіметінің өкілі Фатеме Моһаджерани Газада қылмыс жасаған израильдіктер халықаралық сотта жауапқа тартылуы керектігін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында Тегеранның Газадағы геноцидті дереу тоқтатуға бағытталған кез келген бастаманы және әрекетті толық қолдайтынын атап айтты.
Моһаджерани: “Иран басқыншы күштердің шығарылуын, гуманитарлық көмектің жеткізілуін, палестиналық тұтқындардың босатылуын және олардың негізгі құқықтарының жүзеге асырылуын қамтитын жоспарларды қолдайды”, – деді.
Сонымен қатар, Моһаджерани Иранның Палестина халқына көрсетіп отырған қолдауы жай ғана саяси ұстаным емес екенін, бұл халықтың өз тағдырын өз бетінше анықтау құқығына деген сенімі және қысым мен басып алуға қарсы тұрудағы табандылықтан туындайтынын баса айтты.
Иран Үкіметінің өкілі Палестина халқының қарсылығын заңды әрі өз құқықтарын қалпына келтіру жолындағы қадам деп атап, халықаралық қауымдастықты Газада әскери және геноцид қылмыстарын жасағандарды жауапқа тартуға шақырды.


















