Иран президентінің әйелдер және отбасы істері жөніндегі орынбасары Захра Беһруз Азар Қытай әйелдер федерациясы басшысының ресми шақыруымен Бейжіңге барды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Захра Беһруз Азар сапарында “Жалпы болашақ: әйелдердің жан-жақты дамуының жаңа үдерісін жеделдету” атты әйелдерге арналған жоғары деңгейдегі Жаһандық саммитке қатысып, сөз сөйлейді.
Саммиттің мақсаты – Бейжіңдегі Жаһандық әйелдер саммитінің рухын жаңғырту, барлық тарапты “Бейжің декларациясы” мен “Іс-қимыл жоспарын” іске асыруды жеделдетуге шақыру, жаһандық гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің жан-жақты дамуына жаңа серпін беру, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығының құрылысына жәрдемдесу.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин саммиттің ашылу рәсіміне қатысып, негізгі баяндама жасайды.
Аталмыш шараға әйелдер мәселесімен айналысатын басшылар мен министрлер, өңірлік және халықаралық ұйымдардың төрағалары, сондай-ақ осы саладағы зерттеушілер мен сарапшылар қатысады.
Саммит Бейжіңде 13-14 қазан аралығында өтеді.

















