Гуманитарлық көмекті Газа секторына жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі шешілмейінше, Еуропалық Одақтың Израильге қарсы санкция салу мәселесі өзекті болып қала береді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас мәлімдеді.
Каллас Еуропалық Одақтың Сыртқы істер министрлерінің Люксембургте өткен кездесуі аясында: “Газа секторында атысты тоқтату жағдайды өзгертті. Алайда Газадағы гуманитарлық көмектің көлемі артпайынша, санкция енгізу мәселесі күн тәртібінен түспейді”, – деді.
Айта кетейік, 13 қазанда Шарм эш-Шейх қаласында Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қол қойылған келісімді Израиль режимі тағы бұзды. Сионистік режимнің Газа секторына жасаған әуе шабуылдарынан соңғы тәулікте 44 палестиналық қаза тапты.



















