Иран СІМ Аббас Арақчи қоқан-лоққы жасағандар сәтсіз тәжірибені қайталау олар үшін тағы бір сәтсіздік әкелетінін білуі керек деп қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бұл туралы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Рафаэль Гроссидің қоқан-лоққыларына жауап ретінде баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Мешхедте өткен провинциялық дипломатия жиналысы аясында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гроссидің кеше жасаған мәлімдемелеріне жауап ретінде: «Ол мұны алаңдаушылықтан айтты ма, әлде қоқан-лоққы ретінде айтты ма, білмеймін.
Бірақ мұндай қоқан-лоққы жасайтындар сәтсіз тәжірибені қайталау олар үшін тек келесі сәтсіздік әкелетінін білуі керек», — деді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси кеше сәрсенбі күні сионистік режим мен АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған жаздағы шабуылдарына қатысты: «Исфаһан, Натанз және Форду маңызды нысандарына келтірілген залал ауыр болды, бірақ Дональд Трамптың «толық қиратылды» дегеніне қарамастан, Иранның техникалық ғылым жойылған жоқ.
Біз жоғары байытылған уранның көп бөлігі Исфаһан мен Натанзда және Фордуда қалды деп есептейміз», -деді.













