Иран Сыртқы істер министрлігі Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік инспекторларының ядролық нысандарға келгенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, өткен аптада Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік сарапшылары Ирандағы бірнеше ядролық нысанға, соның ішінде Тегеран зерттеу реакторына барды.
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағайи апталық баспасөз конференциясында мәлім етті.
Бақайи: “Біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы ел ретінде өз міндеттемелерімізді орындаймыз. Өткен аптада ғана Агенттік инспекторлары Тегеран зерттеу реакторын қоса алғанда, бірнеше ядролық нысанды аралады”, — деді.
Өткен аптада Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гросси Financial Times басылымына берген сұхбатында маусым айындағы Иран мен Израиль арасындағы соғыс аяқталғаннан бері Агенттік Иранда шамамен он шақты тексеру жүргізгенін айтты. Гросси сөзінде 60 пайызға дейін байытылған уран қоры Иран аумағында қалғанын және Тегеранды Агенттікпен толыққанды ынтымақтастыққа қайта оралуға шақырды.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи қазан айында Тегеранның Агенттікпен ынтымақтастықты уақытша тоқтатқанын хабарлады.
Бұған дейін Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі де осындай шара қолдануды ұсынды. Тегеранның хабарлауынша, мұндай шешім БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы санкцияларды қайта енгізу туралы шешімімен байланысты.


















