Иран бөгеттеріне су ағыны күз мезгіліндегі құрғақ ауа райына байланысты 40 пайызға азайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, қыркүйек айының соңынан бері Иран су қоймаларына келіп түсетін су көлемі 40 пайызға азайды. Бұл биыл елде орын алған қатты құрғақшылықтың айқын белгісі болып отыр.
Иран Энергетика министрлігінің мәліметінше, қыркүйек айының соңынан қараша айының ортасына дейін Ирандағы су қоймаларына бар болғаны 1,48 миллиард текше метр су түскен. Бұл өткен жылғы дәл осы кезеңдегі 3 миллиард текше метрмен салыстырғанда екі есе аз.
Қазіргі таңда Иран су қоймаларындағы жалпы су көлемі 17,12 миллиард текше метрді құрайды. Бұл олардың жалпы сыйымдылығының небәрі 33 пайызына тең. Яғни, су қоймаларының 67 пайызы бос тұр.
Салыстырмалы түрде алғанда, өткен жылы бұл көрсеткіш 22,92 миллиард текше метр болған. Бұл елдегі жалпы су қоры 25 пайызға азайғанын көрсетеді.


















