Иран тауарларының Африкаға экспорты бірінші жартыжылдықта екі есе өсіп, 675 млн долларды құрады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның шикізаттық емес тауарларының экспорты Африкага Иран күнтізбесі бойынша ағымдағы жылдың алғашқы жартысында екі еселеніп, 675 млн АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіш Иранның өткен жылғы жалпы экспортының 80 пайызын құрайды. Бұл жыл соңына дейін он жылдық рекордқа әкелуі мүмкін деп күтілуде.
Иран шикізаттық емес экспортқа мүдделі. Себебі, Тегеран Африка елдерімен ынтымақтастықта ең алдымен инженерлік-техникалық өзара іс-қимылдың зор әлеуетін көреді. Атап айтқанда, Иран су жеткізу нысандарын жобалау, салу және пайдалану саласында көмек көрсетуге дайын. Иранның Су шаруашылығы федерациясының төрағасы Реза Хаджи Каримнің айтуы бойынша, құрғақ және жартылай құрғақ өңірлерде су ресурстарын басқарудың көпжылдық тәжірибесіне ие Иран су инфрақұрылымын дамытқысы келетін Африка елдері үшін сенімді серіктес болып табылады.
Бүгінде Африкадағы Иранның Сауда дамыту ұйымы кеңсесінің жанындағы сегіз мамандандырылған комитет ауыл шаруашылығы мен сауда, теңіз және әуе көлігі салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс істейді.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 21 наурызда басталатын Иранның жаңа жылында Африка саммитін өткізу жоспарланып отыр.
Иран мен Африка арасындағы саудадағы оң динамика БРИКС+ елдері арасында экспорттың өскенін көрсетеді. Ұзақ мерзімді нарықтық стратегиялардың арқасында сауда мен әріптестіктің әртүрлі саласында көрсеткіштердің айтарлықтай артқаны байқалды.


















