Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гросси Иранның бүгінде ядролық қару жасап жатпағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Гросси уругвайлық El Observador басылымына берген сұхбатта Иранның ядролық бағдарламасының жай-күйі туралы пікір білдірді.
Гросси Иранның ядролық бағдарламасын шиеленісті мәселе деп атап, Иранның бүгінгі күні ядролық қару жасаумен айналысып жатпағанын мойындады.
Ол: «Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдай күрделі. Бұл мәселе көп жылдан бері айтылып келеді. Сондықтан оның жақсы немесе жаман екенін бағалауға білікті емеспін, бірақ іс алдымен Израиль, кейін Америка Құрама Штаттары сол елдегі ядролық нысандарға шабуыл жасау туралы шешім қабылдағанға дейін жетті.
Шындығында, шабуылдар Иранның ядролық инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірді. Бұл бір қарағанда Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігінің төмендегенін көрсетуі ықтимал», — деді.
Айта кетейік, Иран Ислам Республикасының жауапты тұлғалары да осы елдің ядролық бағдарламасы толығымен бейбіт мақсатта екенін және Революция жетекшісінің пәтуасына сәйкес ядролық қару өндіру мен пайдалануға ислам заңдары негізінде тыйым салынғанын бірнеше рет мәлімдеді.

















