Талибанның Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Хабиб Ғафран қазіргі уақытта Ауғанстанда 500 БАҚ жұмыс істейтінін айтты.
Еуразия Тудейдің Ауғанстанның жергілікті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Хабиб Ғафран бүгін Дүниежүзілік теледидар күніне орай жолдаған хабарламасында 500 БАҚ-тың ішінде ондаған телеақпарат құралының да бар екенін айтты.
Талибанның Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі бұл топ Ауғанстанды бақылауға алғаннан кейін 180 ақпарат құралы мен ақпарат құралдарын қолдайтын мекемелерге жұмыс істеуге лицензия бергенін мәлім етті.
Бұл мәлімдеме Талибан Ауғанстанды бақылауға алғаннан кейін елдің БАҚ-н қатты басып-жаныштап, сөз бостандығын шектеген жағдайда жасалды.
Талибан үкіметі сонымен қатар тікелей эфирдегі бейнелерді жариялауға тыйым салу арқылы Ауғанстанның 21 провинциясында телеақпарат құралының жұмысын тоқтатты.
Айта кетейік, Дүниежүзілік теледидар күні — Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша 1997 жылдан бастап жыл сайын 21 қарашада атап өтілетін халықаралық күн.

















