Иран биыл алтын импортын арттырып, елге 20 тонна алтын құймасын енгізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, биылғы жылдың алғашқы 7 айындағы Иранның мұнайдан тыс экспорты 32 млрд долларды, ал импорт көлемі 34,2 млрд долларды құрады.
Бұл туралы Иранның Сауданы дамыту ұйымы мәлім етті.
Иран импортына жұмсалған қаражаттың басым бөлігі алтын құймалар үшін 2,132 млрд доллар, мал азығына арналған жүгері үшін 1,89 млрд доллар, күнбағыс майы үшін жұмсалған 1,306 млрд доллар, смартфондар үшін 1,058 млрд доллар, күріштің 1,045 млрд доллары және автокөлік бөлшектеріне төленген 727 млрд долларға тиесілі.
Кеден қызметі басшысының айтуы бойынша, биыл Иранға құны 2,1 млрд болатын 20 тонна алтын құймасы жеткізілген. Бұл көрсеткіш Иран импортында алтынды алғаш рет бірінші орынға қойып отыр.


















