Израиль армиясындағы Иранның барлау белсенділігі артып, Израиль армиясы мен арнайы қызметтерінің имиджіне ауыр соққы болған жаңа оқиға әшкереленді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, The Times of Israel жариялаған жаңа материал Израиль билігі жасырып келген жайтты әшкереледі. Израиль қарулы күштерінің тағы бір әскери қызметкері тұтқындалып, оған Иран пайдасына тыңшылық жасады деген ресми айып тағылды. Бұл — бір апта ішіндегі осындай екінші іс.
The Times of Israel мәліметінше, тергеу тыңшылық, шетелдік құрылымдармен байланыс және құпия ақпарат беру сынды ауыр баптар бойынша жүргізіліп жатыр.
Израиль қауіпсіздік органдарының мәліметінше, 2023 жылдың қазан айында Газада соғыс басталғаннан бері Израиль аумағында Иранның ондаған тыңшылық желісі әшкереленді. Олардың бір бөлігі Израильдің араб тұрғындары арасындағы агенттерді ғана емес, тікелей әскери қызметкерлерді де қамтыған.
Израиль арнайы қызметінің мәліметінше, Газада соғыс басталғаннан бері Иранмен байланысты ондаған тыңшылық желі анықталып, ирандық ықпалдың деңгейі 400 пайызға өскен. Бұл Иранның барлау саласының деңгейі Израиль ресми түрде мойындағаннан әлдеқайда терең әрі Израиль армиясының “темірдей тәртіп” туралы аңызы күйреуде екенін көрсетеді.
Сионистік режимнің сарбаздарына Иран үшін тыңшылық жасамау туралы ескертулеріне қарамастан іс санының артуы, Израиль дағдарысының іштен өршіп бара жатқанын білдіреді.
Стратегиялық деңгейде жағдай айқын, яғни жауынгерлік рух төмендеген, әлеуметтік бірлік ыдырып, “қауіпсіздікті толық бақылау» туралы әпсана сәтсіздікке ұшырады. Ал, Иран осы жүйедегі әрбір мүмкіндікті саналы түрде пайдаланып, оны тиімді жүзеге асыруда.













