Франция мен Иран Cыртқы істер министрлері осы аптада Парижде кездеседі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи 26 қараша күні Парижде Иранның ядролық бағдарламасын талқылау үшін кездесіп, келіссөз жүргізеді.
Франция Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесуден кейін тараптардың бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуі жоспарланбаған.
Сонымен қатар, Франция ақпарат құралдарының хабарлауынша, келіссөз барысында Тегерандағы Франция елшілігінің аумағындағы екі француз азаматы Сесиль Колер мен Жак Париске қатысты мәселе қозғалады.
Айта кетейік, Франция азаматтары Сесиль Колер мен Жак Парис Иранда тыңшылық жасады деген айыппен сотталды.
Франция Сыртқы істер министрлігі оларды дереу босатуға шақырды.
Иран Соты Сесиль Колерді 20 жылға, ал Жак Паристі 17 жылға бас бостандығынан айырған болатын.


















