Иран Cыртқы істер министрі Аббас Арақчи дипломатия Тегеранның принциптік ұстанымының шынайы әрі ажырамас бөлігі екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи “Маа Мұса әл-Фараи” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Арақчидің айтуы бойынша, Тегеран ешқашан келіссөз үстелінен кетпеген, себебі дипломатия Иранның принциптік ұстанымының шынайы әрі ажырамас бөлігі болып табылады.
Арақчи Америка Құрама Штаттары тарапынан өзара мүдделерге негізделген әділ келісімге дайындық байқалған жағдайда Иранның диалогты қайта бастау мүмкіндігін қарастыратынын атап айтты.
Иран Сыртқы істер министрі: “Біз ешқашан келіссөз үстелінен кеткен жоқпыз. Себебі дипломатия – біздің көзқарасымыз бен қағидаттарымыздың шынайы бөлігі”,– деді. Арақчи ережелер сақталған жағдайда елінің келіссөздерге ашық екенін қуаттады.
Министр Арақчи Тегеран мен Вашингтон арасындағы қазіргі қиындықтың негізгі себебі Америка Құрама Штаттарының өз талаптарын таңуға және шамадан тыс талап қоюға негізделген ұстанымы екенін баса айтты.
Арақчидің айтуынша, дәл осы Америка Құрама Штаттарының өз шарттарын күштеп енгізуге деген ұмтылысы биылғы келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды.
Иран Сыртқы істер министрі: “Олар келіссөздерде уранды нөлдік нүктеде байыту талаптарын алға тартты. Біз бастапқыдан-ақ бұл мүмкін еместігін және ортақ шешім табу қажеттігін айттық”,-деді.
Сонымен қатар, Арақчи келіссөздер үдерісі жүріп жатқан кезде Америка Құрама Штаттары мен Израильдің соққы беруіне өкініш білдіріп, оны дипломатияны, келіссөздер және арағайын ел Оманды ашық қорлау деп атады.



















