Түркіменстан Президенті мен бірқатар ел президенттері Түркіменстанның “Бейтараптық монументіне” гүл шоқтарын қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бүгін, жұма, 12 желтоқсан күні Ашхабад қаласында Түркіменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығын мерекелеуге арналған ресми іс-шаралар аясында “Бейтараптық монументіне” гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Ресей Президенті Владимир Путин, Түркия мен Иран президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Масуд Пезешкиан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және басқа да шетел мемлекеттері мен Үкімет басшылары Ашхабад қаласында “Бейтараптық монументіне” гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, шараға Түркіменстан Үкіметінің өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері, Мәжіліс депутаттары, Халық мәслихатының мүшелері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Айта кетейік, 1995 жылы 12 желтоқсан күні қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес Түркіменстан тұрақты бейтараптылық мәртебесіне ие болды.
2017 жылы Ашхабадтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 12 желтоқсанды “Халықаралық бейтараптық күні” деп жариялады.




















