Иран биологиялық капсуласын ғарышқа ұшыруға дайын екенін мәлім етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ғарыш ұйымының басшысы Хасан Саларие ғарышқа ұшыруға арналған биологиялық капсуланы жобалау кезеңінің соңғы мәресіне жеткенін айтты.
Алғашқы суборбиталық ұшу 2026 жылға жоспарланған. Капсуланың салмағы шамамен 700 келі. Бұл ирандық инженерлердің бұрынғы әзірлемелерінің жетілдірілген нұсқасы болып табылады.
Бастапқыда құрылымның салмағы 1,5 мың келі болды. Кейін жобалаушылар өлшем мен салмақ арақатынасын жақсартып, навигация мен бағыттау дәлдігін қарастырды. Бұл тірі ағзаларды тасымалдайтын капсулалардың қону орнын дәл анықтау үшін аса маңызды.
Алғашқы ұшырылымда әзірлеушілерге техникалық мүмкіндіктерді тексеру мақсатында биологиялық капсулада тірі ағзалар болмайды.
Айта кетейік, БРИКС мүше басқа елдер де ғарыш технологияларын белсенді дамытып келеді. Мысалы, Мысыр өз ғылыми SPNEX жерсерігін орбитаға шығарып, сәтті ұшырғанын жариялады. Қытай “Лицзянь-1” зымыран тасығышын табысты ұшырды.
Сонымен қатар, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Хайдарабадта ірі ғарыш кешенінің онлайн ашылу рәсімі кезінде елінің жерсеріктерді ұшыруда әлемдік көшбасшы болуға дайын екенін мәлімдеді. Жобаланған кешен ай сайын бір орбиталық зымыран ұшыруға қабілетті.


















