Иран мен Түркіменстан Тегеранда өтетін Каспий маңы мемлекеттерінің саммитіне дайындық мәселесін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабадидің Түркіменстан Президентінің Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен кездесуі барысында талқыланды.
Кездесу барысында тараптар Каспий теңізіне қатысты соңғы оқиғаларды, сондай-ақ келесі жылы Тегеранда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының жетінші саммитін өткізуге байланысты мәселелерді талқылады.
Ғарибабади X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: “Мен екіжақты өзара іс-қимылды нығайту және Каспий маңы елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту аясында Тегеранда Түркіменстан президентінің Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Мырат Атаджановпен кездестім”, — деп жазды.
Министрдің орынбасарының айтуы бойынша, кездесу барысында Каспий өңіріндегі соңғы жағдай, келесі жылы Тегеранда өтетін Каспий маңы мемлекеттерінің жетінші саммитін өткізу жоспарлары және Каспий теңізінің экологиялық мәселелері талқыланды. Ғарибабади кездесуде Каспий маңы мемлекеттерінің мүддесі үшін кеңесулерді жалғастырудың, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілгенін баса айтты.

















