Иран Презиенті Масуд Пезешкиан Тегеранның дипломатияны таңдайтынын, алайда кез келген агрессияға жауап беруден тартынбайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен және Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы келіссөз жүргізді.
Сұхбат барысында аймақтағы шиеленіскен жағдай мен оны бәсеңдету жолдары талқыланды.
Пезешкиан Иранның стратегиялық таңдауы диалог пен лайықты дипломатия жолы екенін атап айтты. Алайда Президент Пезешкиан Тегеранның бейбіт ұстанымы ұлттық мүдделерді қорғаудан бас тарту дегенді білдірмейтінін айтып: “Еліміздің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау мәселесіне келгенде, біз ешқандай күмән танытпаймыз”,-деді.
Иран Президенті егер Вашингтон мәселені бейбіт жолмен шешуге шынымен мүдделі болса, аймақтағы арандатушылық әрекеттерін тоқтатуы тиіс екенін баса айтты.
Қатар мен Пәкістан басшыларымен болған сұхбаттарда сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұру және қақтығыстарды бәсеңдету үшін мұсылман елдерінің бірлігін нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Масуд Пезешкиан: “Егер Америка шынайы дипломатияны қаласа, арандатушылық саясатқа нүкте қоюы тиіс”,- деді.


















