Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы келіссөздер Оманда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұған дейін 6 ақпанда Ытамбұлда өтеді деп жоспарланған келіссөз Тегеранның өтініші бойынша Оманға ауыстырылды.
Axios жаңалықтар платформасының мәліметінше, Америка Құрама Штаттары бұл ұсыныспен келіскен. Басылымның хабарлауы бойынша, Тегеран Вашингтонмен келіссөздердің форматы мен өтетін орнын өзгерту туралы өтініш білдіріп, келіссөздердің тек Америка Құрама Штаттарымен екіжақты форматта өтуін талап еткен.
Бұған дейін Ыстамбұлдағы келіссөзге көптеген араб және мұсылман елдерінің бақылаушы мемлекет ретінде қатысатыны жоспарланған болатын. Алайда Иран Тегеранның мұндай ұстанымының себебі келіссөздердің күн тәртібін тек ядролық тақырыппен шектеу ниетімен байланысты екенін мәлімдеді.
Ядролық бағдарлама бойынша өтетін алдағы келіссөзге Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысады.
Мұның алдында Reuters агенттігі Тегеран мен Вашингтонның жұма күні Түркияда ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді қайта бастайтынын хабарлаған болатын.

















