Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездеседі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Швейцарияға сапары барысында Америка Құрама Штаттарымен жанама келіссөздердің жаңа кезеңі аясында Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттігінің Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездеседі.
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігі Telegram арнасында жазды. Хабарламада: “Осы сапар аясында министр Швейцария мен Оман Сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорымен кездесіп, келіссөз жүргізеді”,- деп жазылған.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи кеше, жексенбі күні Америка Құрама Штаттарымен ядролық бағдарлама бойынша жанама келіссөздердің жаңа кезеңін өткізу мақсатында Женеваға барды. Келіссөз ертең, сейсенбі, 17 ақпан күні өтеді.


















