Франция Ормұз бұғазындағы қоршауды күшпен бұзуға бағытталған ешқандай әскери операцияға қатысуға ниетті емес.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Франция Президенті Эмманюэль Макрон Еревандағы Еуропалық саяси қоғамдастық саммиті басталар алдында журналистерге мәлімдеді.
Эмманюэль Макрон: «Егер Америка Құрама Штаттары Ормұз бұғазын ашқысы келсе немесе оның ашылуына ықпал етуге дайын болса, бұл жақсы бастама. Бұл біздің ең басындағы талабымыз. Бірақ біз қандай да бір күш қолдану операциясына қатыспаймыз. Менің қазіргі жағдайға көзқарасым осындай», — деді.
Сондай-ақ, Франция Президенті аймақта тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін Ормұз бұғазын ашу мәселесі Америка Құрама Штаттары мен Иран арасында өзара келісілуі тиіс екенін атап айтты.
Макрон: «Біз ең алдымен, Ормұз бұғазының ашылу үдерісі Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы келісім негізінде жүруін қалаймыз. Бұл еркін кеме қатынасын ешқандай шектеусіз және қосымша алымсыз қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жалғыз орнықты шешім», -деді.
Айта кетейік, Ереванда бүгін, дүйсенбі, 4 мамыр күні Еуропалық саяси қауымдастықтың VIII саммиті өтеді. Мұның алдында Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммит барысында Транскаспий халықаралық көлік бағытын жүзеге асыру, Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия арасындағы тауар, энергия тасымалы мен талшықты-оптикалық байланыс мәселелері талқыланатынын мәлімдеді.



















