АҚШ Иранның шарттары мен қалған беделін жоғалтудың арасында таңдау жасауы керек
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы бүгін 11 маусымда Иран Жоғарғы Көшбасшының Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Мохсен Резаи мәлімдеді.
Резаидің айтуы бойынша бүгінде сыртқы саясатында тұйыққа тірелген Уашиңтон енді Тегеранның шарттарын қабылдау мен халықаралық беделін біржола жоғалтудың арасында таңдау жасауы керек.
Ирандық саясаткер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Теңгерімсіз АҚШ президенті өзі жасаған батпақтан шығу үшін бомбаларды қолдана аламын деп ойлайды, бірақ Иран зымырандары оны бұл батпаққа тереңірек батырады», — деп жазды.

















