Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Дональд Трамптың Иранмен келісімге келуін экономикалық апаттан қорыққандығымен байланыстырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, MS Now» телеарнасының сарапшылары Ақ үйдің Иранмен меморандумға келуге асығуын жаһандық экономикалық дағдарыстан қорыққандығынан деп санайды. Сарапшылардың пікірінше, Вашингтон Тегеранға қатысты бұрынғы саясатының тиімсіз екенін және оның соңы үлкен дағдарысқа тірейтінін түсінген.
Сараптамалық материалда Америка Құрама Штаттарының ұстанымын өзгертуіне түрткі болған себептер қарастырылған.
«MS Now» телеарнасы Вашингтонның Иран бағытындағы сәтсіз саясаты әлемдік экономиканы тығырыққа тіреді деп есептейді. Осы қауіп Ақ үйді мәселені дипломатиялық жолмен шешуге мәжбүр еткен.
Баспасөз өкілдері жуырда Францияда өткен «Үлкен жетілік» (G7) саммиті кезінде болған оқиғаны еске салды. Журналистердің «Тегеранмен қазіргі келісім түпкілікті болып табыла ма?» деген сұрағына АҚШ президенті Дональд Трамп: «Ол әлі толық аяқталған жоқ», — деп жауап берген болатын.
«MS Now» телеарнасы сарапшыларының пайымдауынша, Ақ үй өзінің ашық мәлімдемелеріне қарамастан, энергетика және қаржы нарығындағы дағдарыстың алдын алу мақсатында жағдайды тез арада тұрақтандыруға мүдделік танытып отыр.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Францияда өткен кешкі ас кезінде ел президенті Эммануэль Макронның көзінше меморандумға қашықтан қол қойып, растаған болатын. АҚШ, Келісім, Экономикалық апат














