Дағыстан әскери шабуылдардан зардап шеккен Иран қалаларының балалары үшін республика аумағында сауықтыру демалысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Дағыстан басшысының уақытша міндетін атқарушы Фёдор Щукин Ресей Федерациясының Ирандағы Сауда өкілдігі жанындағы Дағыстан Үкіметінің өкілі Андрей Танаевпен кездесуі барысында мәлімдеді.
Бүгінде Дағыстан Иранның шабуылға ұшыраған қалаларынан келген балаларды демалысқа қабылдауды жоспарлап отыр.
Фёдор Щукиннің айтуы бойынша, Дағыстан Иранға жасалған шабуылдардан зардап шеккен аудандарының балалары үшін демалыс ұйымдастырады.
Ол: «Ирандағы өкіліміз Андрей Танаевпен өткен кездесуде алдағы перспективаларды талқыладық. Бұған дейін Дағыстан Иранға гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Қазіргі уақытта Иранның шабуылға ұшыраған аймақтарынан келген балаларды республикамызда демалдыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз»,-деді.
Сонымен қатар, Фёдор Щукин Дағыстан мен Иранды бұрыннан келе жатқан тату көршілік қарым-қатынас байланыстыратынын атап айтып, Ресейдің бұл байланысты жоғары бағалайтынын және оны нығайтуға ниетті екенін қуаттады.
Сондай-ақ Дағыстан басшысының уақытша міндетін атқарушының айтуы бойынша, жақын арада Иранның Решт қаласында еркін күрестен жарыстар және Дағыстан туралы фотокөрме өткізу жоспарланып отыр.


















