Иран мен Америка Құрама Штаттарының өкілдері арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі 18 шілдеде басталады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздерінің кезекті кезеңі жанама форматта өтеді.
Бұл ретте Тегеран мен Вашингтон өкілдері кездесуінің қай жерде өтетіні және тараптардың құрамы әзірге жарияланбады.
Бұған дейін Иран делегациясы Дохада Тегеран мен Вашингтон арасындағы меморандум тармақтарын іске асыру бойынша Катар және Пәкістан өкілдерімен екі кездесу өткізді.
Сонымен қатар, меморандум шарттарының орындалуын бақылау үшін құрылған мониторингтік топтың алғашқы отырысы да өтті.
Айта кетейік, Тегеран мен Вашингтон 18 маусымда соғыс қимылдарын тоқтатуды бекітуге және келіссөздердің жаңа кезеңін бастауға тиіс уақытша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл құжат 60 күнге есептелген. Құжатта әскери қимылдарды тоқтату, Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру және Америка Құрама Штаттарының Иран порттарындағы теңіз блокадасын алуы көзделген.
Сонымен қатар, меморандумда санкцияларды жеңілдету, Иранның бұғатталған активтерінің бір бөлігін қайтару және ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жалғастыру мәселелері айтылған.

















