АҚШ Иран аумағына шабуыл жасағаннан кейін Иран Президенті Масуд Пезешкиан Иракқа жасаған сапарын аяқтап, Тегеранға қайтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Иракқа жасаған сапарын аяқтап, бүгін, сәрсенбі күні таңертең Ирактың Наджаф қаласынан Тегеранға қарай жолға шықты.
Бұған дейін Президент Пезешкиан Иранның шәһид Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің денесі жеткізілген Наджаф қаласына барған болатын. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы халықаралық суларда сауда кемелеріне жасалған шабуылдарға жауап ретінде Иран аумағындағы нысандарға шабуылдар жасағанын мәлімдеді.
Иран Бандар-Аббас пен Сирик портты қалаларында, сондай-ақ Ормұз бұғазындағы Қешм аралында жарылыс болғанын растады. Мәліметке сәйкес, снарядтар Сириктегі коммерциялық айлаққа, Зиарат ауылындағы балық аулау айлағы мен Бандар-Аббас портындағы азаматтық балық аулау кемелеріне түскен.
Айта кетейік, мұның алдында Наджаф губернаторы Юсеф Макки әл-Кенави шәһид Әли Хаменеимен қоштасу рәсімінің бұл қалада екі кезеңдік бағдарлама бойынша өтетінін мәлімдеді. Губернатордың айтуы бойынша, бірінші кезеңі кеше, сейсенбі күні кешке Наджаф халықаралық әуежайында Үкімет басшылары, заң шығарушы және сот билігі басшыларының, саяси қозғалыстар жетекшілерінің, министрлер мен Парламент депутаттарының және жоғары лауазымды ресми тұлғалардың қатысуымен өтсе, екінші кезеңі қалың бұқара қатыса алатын жалпыхалықтық шара бүгін, сәрсенбі күні таңертең басталып, Имам Әлидің кесенесінде аяқталады.

















