АҚХА халықаралық тәуелсіз ұйым емес, АҚШ-тың бақылауындағы құралдардың бірі.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл сөзді Иранның Кейһан журналының жауапты директоры Хоссейн Шариатмадари айтты.
Шариатмадари Fars News ақпарат агенттігінде жарияланған «Агенттік пе, әлде АҚШ-тың соғыс штабы ма?!» атты мақаласында бұлтартпас айғақтар мен құжаттар Агенттіктің халықаралық тәуелсіз ұйым емес, АҚШ-тың бақылауындағы құралдардың бірі және соғыс штабы екенін анық көрсететінін айтып: «Агенттік соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы Иранның ядролық және әскери нысандарын барлау және ядролық ғалымдарын анықтау миссиясын атқарып келеді. Осы миссияны әлі жалғастыруда», — деді.
Шариатмадари «Егер Иран АҚХА инспекторларына берген ақпарат кейін елге қарсы пайдаланылса, шарттың тарапы болып қалудың мәні бар ма?» деген сауал қойып: «Осы жазбада көрсетілген мекенжайға бір сәт көз жүгіртіп көріңізші! Ол жерде АҚШ пен Израильдің ашық агенттері ұя салып алғанын көрмей тұрсыз ба? Олар біздің шейіт болған ғалымдарымыз бен қолбасшыларымыздың аты-жөндерін террор жасау үшін және Иранның маңызды ядролық пен әскери нысандарының мекенжайларын бомбалау үшін жаудың қолына ұстатып отыр емес пе?! Бұл мәтіннің басын соңынан бастайық. Оқыңыздар!» — дейді.
1-бөлім
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (NPT) 10-бабының 1-тармағында былай деп жазылған:
«Әрбір мемлекет өзінің ұлттық егемендігін жүзеге асыру барысында, егер осы Шарттың тақырыбына қатысты төтенше жағдайлар өз елінің маңызды мүдделеріне қауіп төндіреді деп есептесе, Шарттан шығуға құқылы. Мұндай жағдайда ол үш ай бұрын бұл туралы Шарттың барлық қатысушыларына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне хабарлауы тиіс. Мәлімдемеде елдің маңызды мүдделеріне қауіп төндірген төтенше жағдайлар да көрсетілуі қажет».
Енді төмендегі құжатталған бірнеше мысалда назар аударыңыздаршы. Біздің NPT-де қалуымыз таза аңғалдық және ұлттық мүдделеріміз бен еліміздің қауіпсіздігіне көзжұмбайлық таныту деген қорытындыға келмейсіз бе?!
2-бөлім
Сейсенбі күні Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында әскери қылмыс қана емес, сонымен бірге NPT ережелерін де дөрекі бұзу болып табылатын айуандық әрекетін мойындады. Трамп былай деді: «Егер мен Иранның ядролық нысандарын ядролық қарумен нысанаға алмағанымда, олар екі аптаның ішінде қаруын жасап бітірер еді. Мен соның алдын алдым!»
Яғни, ол Иранмен соғыста ядролық қару қолданғанын мойындап отыр. Трамптың бұл мәлімдемесі ядролық қару қолданумен қорқыту мақсатындағы әдеттегі бопсалауы болуы немесе кезінде “кіші Буш” Ауғанстан мен Иракта қолданған төмен уранды тактикалық ядролық қаруды пайдаланған болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, оның бұл әрекетіне, біріншіден, Ядролық қаруды таратпау туралы шартта ашық тыйым салынған, екіншіден, NPT мүшесі болып табылатын елдің ядролық нысандарына шабуыл жасау осы келісімшарттың талаптарын өрескел бұзу болып табылады.
3-бөлім
Мүше елдердің бейбіт ядролық нысандарын қорғауға міндетті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік АҚШ пен сионистік режимнің ядролық нысандарға жасаған шабуылдарын немесе еліміздің ядролық ғалымдарының өлтірілуін айыптап бірде-бір сөз айтқан да, жазған да жоқ! Неге?
Бұған дейін де халықаралық ұйым дегенімен, Агенттіктің шын мәнінде АҚШ-тың нұсқауларымен жұмыс істейтін құрылым екенін айқын көрсететін құжаттарға талай рет тоқталғанбыз Айта кетейік, Иранның БАӘ-дегі «Барака» ядролық нысанының жанында орналасқан АҚШ-тың әскери базаларының біріне жасаған қарымта шабуылынан кейін АҚХА Бас директоры Рафаэль Гросси бұл ядролық нысанға жасалған шабуылды айыптап, ресми мәлімдеме жасап, ядролық қауіпсіздіктің жеті негізгі тірегін сақтау қажеттігін қатаң талап етті. Ал шын мәнінде, Иранның шабуылы «Барака» атом электр станциясына емес, АҚШ-тың әскери базасына бағытталған болатын. Ал АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасап, мұны бірнеше рет мақтанышпен мәлімдесе де, Агенттік бұл әрекетті айыптауға асыққан жоқ және әлі айыптамады.
4-бөлім
Мұның алдында да АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссидің сионистік режимге тәуелділігін көрсететін заңсыз ғана емес, сонымен бірге күмәнді әрекеттері мен мәлімдемелерінің мысалдарын атағабыз. Алайда, бүгінгі таңда Иран сарбаздарының сионистік режимнің ондаған миллион құпия және аса құпия құжаттарына қол жеткізуінің арқасында Гроссидің Моссад агенті екеніне ешқандай күмән қалмады. Әрбір құжатты жеке-жеке баяндау ұзақ уақыт алады. Сондықтан құрметті оқырмандар бұл деректермен танысу үшін «Кейһан» газетінің 2026 жылғы 20 маусымдағы «Гросси — Моссадтың агенті, оны елге жолатпаңыздар!» атты мақаласына жүгіне алады. Доктор Әли Лариджани осы құжаттар жарияланғаннан кейін: «Гроссимен әлі есептесеміз» деген болатын.
5-бөлім
Ондаған құжат Агенттіктің заңдары бойынша «құпия және жіктелген ақпарат» болып табылатын Иранның ядролық нысандары, ядролық ғалымдары мен әскери орталықтары туралы мәліметтерді АҚШ пен сионистік режимге беріп отырғанын дәлелдейді. Иранның ядролық ғалымдарының өлтірілуі мен ядролық нысандарына жасалған шабуылдар дәл осы ақпараттардың көмегімен жүзеге асырылды. Бұл Агенттік инспекторларына сеніммен берілген құпия мәліметтер болатын. Егер бұған аз да болса күмән болса, төмендегі құжаттарға назар аударыңыздар:
А) 2012 жылы Ақ үйдің сол кездегі баспасөз хатшысы Джей Карни брифинг кезінде: «Біздің көзіміз бар. Біз Иранның бағдарламасын бақылай аламыз» деді. Одан “Көздер” кім?» деп сұрағанда, ол: «Агенттіктің инспекторлары. Олар бізге Иранның ядролық және әскери нысандары туралы ақпаратты жеткізіп отырады» деп жауап берді.
Ә) Брукингс институтының сарапшысы, профессор Джошуа Ронер былай деді: «Агенттік инспекторларының Иранда болуы — Иранның басқа да ғылыми және өнеркәсіптік салаларынан ақпарат жинау үшін алтын мүмкіндік».
Б) Джо Байден әкімшілігінің Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Рамазан соғысынан үш апта өткен соң берген сұхбатында: «Трамптың ядролық келісімнен шығу туралы шешімі үлкен қателік болды. Егер Трамп келісімнен шықпағанда, қазір біздің қолымызда Иранның бомбалайтын әскери нысандарының нақты мекенжайлары мен сипаттамалары көбірек болар еді» деді.
В) БҰҰ-ның бұрынғы инспекторы және америкалық қауіпсіздік сарапшысы Скотт Риттер 12 күндік соғыстан кейін «Press TV» арнасына берген сұхбатында Гроссиді Иранның ядролық ғалымдарының қанына тікелей жауапты деп айыптап, былай деді: «Агенттіктің тексерулері арқылы алынған аса маңызды техникалық және географиялық ақпараттар тікелей ирандық элитаны өлтіру операцияларында қолданылды».
6-бөлім
Жоғарыда келтірілген бұлтартпас айғақтар мен құжаттар Агенттіктің халықаралық тәуелсіз ұйым емес, керісінше АҚШ-тың бақылауындағы құралдардың бірі және соғыс штабы екенін анық көрсетеді. Ол соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы Иранның ядролық және әскери нысандарын барлау және ядролық ғалымдарын анықтау миссиясын атқарып келеді. Осы миссияны әлі жалғастыруда.
Осындай бұлтартпас құжаттар бола тұра, Иранның бұл шарттан шығуының қажеттілігіне күмәндануға бола ма? Иранның NPT-ге мүшелігі осы жазбаның басында аталған Шарттың 10-бабының 1-тармағына толық сәйкес келмей ме? Ядролық ғалымдарыдың шейіт болуы мен әскери және ядролық нысандарының бомбалануы Иранның ұлттық мүддесі мен егемендігімінің бір бөлшегі емес пе, ал бұл мүдделерге Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (NPT) мүшелік кесірінен қауі төніп отыр ғой?! Егер солай болса, шынымен де солай, біздің бұл шартта қалуымызды қалай ақтауға болады?”

















