Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі сейіт Аббас Арақчи бүгін, жұма күні таңертең Шолпон-Ата қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтетін орынға келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Арақчиді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Кулубаев Жээнбек қарсы алды.
Айта кетейік, сейіт Аббас Арақчи кеше бейсенбі күні түнде ШЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің саммитіне қатысу үшін елінің дипломатиялық делегациясын бастап, Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласына келді.
Иран Сыртқы істер министрі саммитке қатысып, өз елінің ұстанымын білдірумен қатар, қатысушы елдердің бірқатар әріптесімен жеке кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің мерзімді отырысы 2026 жылғы 24 шілдеде Қырғыз Республикасының төрағалығымен Шолпон-Ата қаласында өтеді. Бұл кездесу ШЫҰ-ның құрылғанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс келді.
Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ ұйымның тұрақты органдарының өкілдері қатысуда.
Қатысушылар халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді, сондай-ақ ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылайды. Отырыстың күн тәртібінде үйым аймағындағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, ұйым жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады.













