Қазіргі таңда Иранның аймақ елдерімен қарым-қатынасы жақсарып келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.
Президент Пезешкиан: «Қазір Пәкістан бізбен шынайы ынтымақтастық орнатып отыр. Ауғанстан да өте жақсы ынтымақтастықта. Түрікменстанмен қарым-қатынасымыз да жақсы. Ауғанстан мен Пәкістан өз аумақтарынан лаңкестер мен сепаратистердің біздің елге өтуіне жол бермеді», – деді.
Сонымен қатар Пезешкиан қақтығыс кезінде Әзербайжанның Иранға түрлі бағыттар бойынша көмек көрсеткенін баса айтып: «Әзербайжан барлық жолдарды жауып, біздің банктің жұмысын тоқтатты. Біз оларға хабарласып, келіссөз жүргіздік. Екі сағатқа созылған сұхбаттан кейін олар бәрін қайта ашты. Банк те, елшілік те, бағыттар да қайта жұмыс істей бастады. Соғыс кезінде олар бізге түрлі бағыттар бойынша көмек көрсетті. Ресейге жеткізілетін тауарлар болсын, өзіміздің жеткізілімдеріміз болсын олар қажеттіліктеріміздің бәрін қамтамасыз етуге жан-жақты көмектесті»,-деді.
Масуд Пезешкианның айтуы бойынша, соғыстан кейінгі дипломатияның күрделілігіне қарамастан, Иранның Пәкістан, Ауғанстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Ирак сияқты елдермен қарым-қатынасы өте жақсы.

















