Иран Ислам Республикасының әскері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Әл-Минһад» базасында орналасқан америкалық тікұшақтар мен әскери күштерге камикадзе-дрондармен шабуыл жасады.
Иран Армиясының қоғаммен байланыс бөлімі әлімдеме жасап: “Бүгін таңсәріден бастап басқыншы жаудың агрессияларына жауап ретінде және Ларак аралында қаза тапқан Ислам революциясы сақшылар корпусының ержүрек батырлары мен Иран Ислам Республикасының жазықсыз тұрғындары үшін кек алу мақсатында, Иран Ислам Республикасының армиясы Әмірліктердегі «Әл-Минһад» базасындағы америкалық күштер мен тікұшақтар орналасқан жерлерді ондаған камикадзе-дронмен соққылады.
«Әл-Минһад» базасы — шетелдік күштерді әуе арқылы тасымалдау және қолдау көрсететін маңызды орталықтардың бірі.
Мәлімдемеде сонымен қатар: “Иран Ислам Республикасы армиясының жауынгерлері тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жау қатері аймақтан толық жойылғанша Иран жерін қорғау үшін табандылық танытады, сондай-ақ бұл соғыстағы барлық құрбандардың қаны үшін америкалық лаңкес күштерден кек алады” деп жазылған.

















