Иран Президенті Масуд Пезешкиан 9 қазанда Түрікменстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына және Каспий экологиялық саммитіне қатысады.
Eurasia Today ақпарат агенттігініңхабарлауы бойынша, ТМД тарихында тұңғыш рет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммитінің кеңейтілген отырысына Иран Президенті арнайы шақырылды.
Сондай-ақ, Масуд Пезешкиан сапары аясында Каспий экологиялық саммитіне де қатысады.
Аталған шараларға Ресей Президенті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Илһам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысады.
Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуы бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин 9 қазанда Иран Президенті Масуд Пезешкианмен Түркіменстанда кездеседі.
Айта кетейік, Каспий экологиялық саммиті 2026 жылғы 9 қазанда Түрікменстанның Каспий жағалауындағы «Аваза» ұлттық туристік аймағында өтеді. Саммиттің негізгі күн тәртібіне Каспий теңізінің тартылуы мен таяздануы, сондай-ақ оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бірегей табиғи ортасын сақтау мәселелері енгізілген.
Кездесу барысында Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы, су деңгейінің төмендеуінің ықтимал салдары және теңіз экожүйесін қорғауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады деп күтіледі.
Саммит қорытындысы бойынша тараптар Каспий экологиялық саммитінің декларациясын қабылдауды жоспарлап отыр.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммиті Түркіменстанның ұйымға төрағалық етуі аясында өтеді.


















