Соңғы уақытта Ормұз бұғазы мен оның маңындағы кемелерге жасалған шабуылдар ең жоғары қарқынға жетті.
Тек өткен жексенбінің өзінде Ормұз бұғазында ереже бұзған алты кеме шабуылға ұшырады, ал 11 қазанға дейінгі екі апта ішінде 24 кемеге оқ атылды.
Financial Times басылымының жазуынша, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталған соңғы жеті ай ішінде Ормұз бұғазы мен оның маңындағы кемелерге жасалған шабуылдар ең жоғары қарқынға жетті.
Kpler деректері бойынша, 11 қазанда Ормұз бұғазы арқылы тасымалданатын мұнай көлемі тәулігіне небәрі 2,9 миллион баррельге дейін төмендеді, бұл – осы айдағы ең төменгі тәуліктік көрсеткіш.
Шиеленістің күшеюі Иранның оңтүстік бағытпен өтіп жатқан кемелерге шабуылдарын күшейтуі және АҚШ әскери күштерінің Иранға теңіз блокадасын қолдану операциясы аясында орын алуда

















