Израиль медиа құралдары мен психологиялық соғыс машинасы Иранға жала жауып, оны Батыс елдерінің қарапайым тұрғындарына төнген қауіп ретінде көрсету үшін қаскүнемдік науқан жүргізіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақайи мәлімдеді.
Бақайи дүйсенбі күні әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Франциядағы мұздатқыш камералар ісінен бастап, америкалық ресми тұлғаларға қастандық жасау туралы мәлімдемелерге дейінгі бүкіл ақпараттық науқан Америка мен Еуропа жұртшылығының санасына үрей ұялатып, оларды өз басшыларының соғысқұмар саясатын қолдауға мәжбүрлеуді көздейтінін айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, Америка Құрама Штаттары мен Израиль Иранға қарсы басқыншылық әрекеттерге барып, лауазымды тұлғаларды өлтіріп, бейбіт тұрғындарды қудалау арқылы мемлекеттік лаңкестікті ашық түрде жариялады.
Алайда Иран қарсыластарының әдісіне жүгінбей және қарапайым азаматтардың тыныш өмірін бұзуға ұмтылмай, тек табанды қарсылық пен заңды өзін-өзі қорғау арқылы жауап қатты әрі алдағы уақытта да осы ұстанымынан таймайды.



















