Ислам революциясының жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Парижде өткен Олимпиада ойындарындағы медаль иегерлеріне елді даңққа бөлегендері үшін шын жүректен алғыс білдірді. Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Әли Хаменеи бұл жөнінде Иран Ислам Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Махмуд Хосравивафаның рухани көшбасшыға Париждегі Олимпиада ойындарында ирандық спортшылардың қатысуы мен нәтижелері туралы берген есебіне жауап берген хатта айтты. Ислам революциясының жетекшісі Иран халқына қуаныш пен мақтаныш сыйлаған спортшыларға алғыс білдірді. Сондай-ақ, Әли Хаменеи Ирандағы барлық спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен Ұлттық олимпиада комитетіне Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғағандары үшін ризашылығын білдірді.
2024 жылғы Париждегі XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына 40 ирандық спортшы қатыcты. Иран құрамасы Жазғы Олимпиада ойындарын 12 медальмен: 3 алтын, 6 күміс және 3 қоламен аяқтады. Франция астанасы Париж қаласында өткен Жазғы Олимпиада тамыздың 12- не қараған түні аяқталды.


















